…бір экономикалық аймағы ретінде қарай бастайды
Жолымбет МӘКІШ, қоғам белсендісі:
Кезінде ханзуларды кіргізген орыстардың қазір аузы күйіп отыр. Қиыр Шығысы түгел қытайланып барады. Орыстың өзінің өсімі тоқтаған халық. Енді оның орнын орыстан бір-бір қатын алған қытай толтырып жатыр.
Менің қауіптеніп отырғаным, ертең егер олардың 51 кәсіпорнын Қазақстанға кіргізсек, қытайлар біздің елге өздерінің бір экономикалық аймағы ретінде қарай бастайды. Онсыз да қазір «Балқашқа дейінгі жер біздікі» деп көкіп жүр. Бұл біз үшін мың рет ойланып барып шешетін стратегиялық маңызы бар мәселе еді ғой!
«Халық қалаулылары» осыған байланысты әлі бір ауыз сөз айтқан жоқ. Әлде, өткендегідей тағы да үнсіз қалып, қулығына құрық бойламайтын қытайлардың қазақ жеріне алдымен кәсіпорындарын кіргізгелі жатқанын дұрыс көріп отыр ма?!
«ҚҮ»