Дүкеннен азық-түлік алып, ақшасын төлемей кеткен азамат анықталды
2021 жылдың 13-мамырында Қаратау АПБ 102 нөміріне Шымкент қаласының 40 жастағы тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, дүкенде сатушы ретінде отырғанында, дүкенге бейтаныс азамат келіп сауда жасаған соң, оның алған азық-түлік құны 10 000 теңге болған, ол ақшасын ұялы телефон қосымшасы арқылы төлеймін деп шығып кетіп, алайда ақшасын төлемегенін көрсеткен.
Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 30 жастағы тұрғыны анықталып, жеткізілген. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, тәртіп сақшылары бейтаныс азаматтар зат алып, ақша аударған жағдайда тексеріп алуды сұрайды.