Кәріз құдығының қақпақтарын ұрлап кеткен азамат анықталды
2021 жылдың 16-мамырында Қаратау АПБ-на мемлекеттік мекемеден хабарлама келіп түскен. Онда, белгісіз тұлға Шымкент қаласы Нұр-Сұлтан даңғылының бойынан құны 361.520 теңге тұратын 10 дана шойын кәріз құдығының қақпақтарын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.
Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.