Тұрғын үй алып беремін деп, 600 мың теңгесін алып кеткен азамат ұсталды

2021 жылдың 24-мамырында Қаратау АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында Н. есімді азаматша мемлекеттік бағдарлама арқылы тұрғын үй алып беремін деп, алаяқтық жолмен 600.000 теңгесін иемденіп, қазіргі уақытқа дейін не ақшасын қайтармай, не пәтерін алып бермей жүргенін жазып көрсеткен.
Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерімен Шымкент қаласының 32 жастағы тұрғыны анықталып, жеткізілген. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Егер Сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, 102 телефонына тез арада
хабарласыңыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.