Шымкенттік полицейлер балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

«1-маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетов және полиция қызметкерлері 2021 жылдың 28-мамырында Шымкент қаласындағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерін әдеттегідей құрметке бөледі.

Ондағы мақсат — балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, балаларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу арқылы ұлттық құндылықтарды бойына қалыптастыру.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін арнайы мерекелік сый-сыяпат (спорттық киімдер және спорттық ойыншықтар) апарды. Мерекемен құттықтады.

Осылайша тәртіп сақшылары балалардың мерекелік әсерлерін сезіну үшін өз үлестерін қосып, қайырымдылықтың әрі адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.

Айта кетейік, дәстүрге айналған бұл игі шаралар алдағы уақытта да Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан өз жалғасын таппақ.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.