Шымкенттік полицейлер 1.2 миллион теңгесін иемденіп кеткен алаяқты анықтады
2021 жылдың 30-мамырында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз тұлға Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты тұрғын үй шаруашылығы басқармасымен берілетін пәтерлерді алуға көмек беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 1.200.000 теңге ақшасын алып, осы күнге дейін берген уәдесін орындамай немесе алған ақшасын қайтармай жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.