ЖЕМҚОРЛЫҚ — ІНДЕТ, ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ — МІНДЕТ

Қоғам індетінің алдын алу және оның туындауына тосқауыл болу — мемлекет саясатындағы басым бағыттардың бірі.

Осы орайда, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жаңашылдықтармен таныстыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің ұжым қызметкерлерімен кездесті.

Семинарда ел мүддесі жолында еңбек ететін мемлекеттік қызметшілерге бірінші басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жеке жауапкершілігі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер баяндалды.

Бұдан бөлек, жиында мемлекеттік қызмет көрсету саласында туындауы ықтимал сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына жол бермеу мәселелері ортаға салынып, адал қоғамды қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

Жиын соңында Департамент басшысының бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында ішкі талдау жұмыстарына айрықша назар аудару қажеттігін ескертіп, мемлекет мүддесін арқалаған қызметшілерді тұрмыстық жемқорлық деңгейін төмендету жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.