Шымкенттік полицейлер пәтер алуға көмектесемін деп алдаған алаяқты анықтады

2021 жылдың 4-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға мемлекет тарапынан жағдай төмен отбасыларға пәтер алып беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп 400 000 теңге ақшасын қолма-қол алып, осы күнге дейін алған 400 000 теңге қаражатын кері қайтармай қашып жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.