Шымкенттік полицейлер жалған әшекейлерді алтын деп сатқан алаяқты анықтады

2021 жылдың 6-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға арзан бағаға алтын әшекей бұйымдарын сатамын деп, қолына жалған әшекейлерді беріп алаяқтық жолмен 80.000 теңге ақшасын қолма-қол алып, осы күнге дейін алған қаражатын қайтармай жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.