Шымкентте ірі көлемде несие шығарып беремін деп, алдап кеткен алаяқ ұсталды

2021 жылдың 10-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда, өзінің «Б» есімді танысы ірі көлемде несие шығарып беремін деп алдап, өзіне тиесілі құны 100.000.000 теңге тұратын үйін несие шығарып бермей, үшінші тұлғаға рәсімдеп жібергенін жазып көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.