Абаттандыру ережесін бұзған тұрғынға шара қолданылды

Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейд жүргізуде.
Әл-фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Ақтас көшесі, 7 үйдің алдына құрылыс қалдықтары үйінділерін төгіп тастағанын анықтаған. Абаттандыру қағидаларын бұзған жергілікті тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.