Алаяқ мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп, 800.000 теңгеге сан соқтырған

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда 2020 жылы өзін «Ж» есімді азаматша оның сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер  алып беремін деп алдап, алаяқтық жолмен  800.000 теңгесін алғанын көрсеткен.

Алаяқтың сөзіне сенген жәбірленуші аталған соманы беріп, алданып қалған. Еңбекші АПБ ЖПҚБ №49 учаскелік полиция инспекторлары  жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, жеткізілді.     Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Күдіктінің басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы  анықталуда.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары  кез-келген мемлекеттік бағдарлама бойынша  арнайы мамандарға баруға кеңес береді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.