Ұялы телефон ұрлаған азамат анықталды

2021 жылдың 16-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз азаматша, Шымкент қаласы, Адырбеков көшесінде, оның «А» есімді танысы, оған тиесілі құны 185.000 теңге тұратын «Samsung S9» маркалы ұялы телефонды ұрлап кеткенін көрсеткен.
Әл-фараби АПБ ЖПҚБ №30 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп көп ұзамай қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар – жоғы тексерілуде.
Ұялы телефонның ұрлануы көп жағдайда сол телефон иесінің өзінің ұқыпсыздығы салдарынан болып жатады.
Ұялы телефонның ұрлануына жол бермеу үшін мынадай қарапайым ережелерді еске сақтаған жөн:
— телефонды мүлдем танымайтын және дұрыс танымайтын адамдарға беруге болмайды;
— көшеде жүргенде, әсіресе түнгі уақытта телефоныңыз шырылдаса, бұл айналаңыздағы адамдардың және қылмыскердің назарын бірден аударады. Сондықтан телефонды вибрация режиміне қойғаныңыз абзал;
— қоғамдық көліктерде және басқа да халық көп жиналатын жерлерде ұялы телефонды белдігіңізге іліп қою немесе оған арнайы шнур тағып, мойныңызға іліп жүру қажет, болмаса қолыңызға ұстап немесе киіміңіздің ішкі жан қалтасына салған жөн.
— кафе-барларда немесе би кешінде жүргенде телефоныңызды үстелдің үстіне немесе бағандардың үстіне қоймау керек.
Құрметті қала тұрғындары, егер бір жоқтың барын сезген сәтте дереу полицияға хабарласқан жөн, бұл қылмыстың бетін «ізін суытпай» ашуына септігін тигізеді. Тек бірлескен жағдайда ғана ұрлықты тиімді түрде ашуға болады. Жоғарыда аталған қарапайым ережелерді сақтау телефон ұрлығы қылмысын азайтуға мүмкіндік береді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.