Шымкентте бір аптада бейнебақылау камералары арқылы 6 қылмыс ашылды

2021 жылдың 14-20 маусым аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» нөміріне түрлі сипаттағы 7660 қоңырау түсті.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 6 қылмыс ашылды. Олар: 2 ұрлық, 2 бұзақылық, 2 ұсақ-түйек жымқыру жайттары.

 

Бейнебақылау камералары арқылы полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қадағалайды. Сондай-ақ, бұл камералар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмысты ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.

 

Нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 906 факті анықталды: қоғамдық орындарда қоқыс тастау – 22 жайт; қоғамдық орындарда мас күйінде болу – 58; қоғамдық орындарда қайыршылық жасау – 31; жол қозғалысының ережелерін бұзу – 684 жайт және өзге де  құқық бұзушылықтар – 111.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.