ТҮРКІСТАН: КОРОНАВИРУСТЫҢ 13 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ
Түркістан облысы «жасыл аймақта». Өңірде 21 маусымда COVID-19 індетінің 13 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0.19% құрайды. Қазіргі таңға инфекциялық стационарларда барлығы 1 200 орын бар. Мұнда 205 науқас ем қабылдап жатыр. Жалпы пандемия белең алғалы КВИ-дің 6686 жағдайы анықталды. Оның 4340-і симптомсыз өткен. Айта кетейік, егу науқаны басталғалы 310 448 адам вакцина салдыруға ниет білдірген. Екінші компонентпен 136 286 адам қабылдаған. Бүгінде өңір тұрғындары Спутник-V, QazVac мен Hayat-Vax вакциналарын қабылдай алады. Қазір облыс аумағында 128 екпе қабылдау пункттері жұмыс істейді. Сондай-ақ, бүгінге дейін 765 978 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 2503 адам тексерілді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцина салу тек адамның келісімімен ғана жүзеге асады. Вакцинадан бас тартқандар әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екпе егердің алдында сіз арнайы параққа қол қою арқылы вакцинадан бас тартып немесе салдыруға келісім бересіз.