Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен пәтер алып берем деп, алдап кеткен алаяқ ұсталды
2021 жылдың 21-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға мемлекетттік бағдарламамен, кезектен тыс үй алып беремін деп, 600.000 теңге ақшасын сеніміне кіру арқылы алып, осы уақытқа дейін үй алып бермей, алған қаржысын қайтармай жүргенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.