ТҮРКИЯДА «ҚАЗАҚСТАН — ҰЛЫЛАРДЫҢ ОТАНЫ» АТТЫ ВЕЛОСАЯХАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Түркияда белгілі волонтер Дамир Көшеев «Қазақстан — ұлылар Отаны» атты велосаяхат жасайды. Саяхат «Ыстамбұл-Анталья-Анкара-Ыстамбұл» бағытында жүреді. Жалпы қашықтық – 2500 шақырымды құрайды. Жоба – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. «Turan-TV» телеарнасы саяхатты түгел таспаға түсіріп, көрермен назарына ұсынатын болады. Бұл туралы брифингте телеарна директоры Роман Ботабеков мәлімдеді.
Волонтер Дамир Көшеев аталған саяхат екі елдің достығы мен бауырластығына арналатындығын жеткізді.
«Түркия – еліміздің егемендігін алғаш мойындаған бауырлас мемлекет. Отыз жыл бойы достық қарым-қатынас жасап келеміз. Түрік ағайындар ұлы ақынымыз Абайға арнап саябақ, ескерткіш орнатты. Бұл ел мен тұлғаларға деген құрмет. Біздің саяхаттың тағы бір мақсаты — туыс елге алғыс білдіру, құрмет көрсету», — деді Дамир Мархабатұлы.
Волонтер Дамир Көшеев бұған дейін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Алматы қаласынан Жидебай ауылына дейін 1200 шақырым жолды 46 күнде жаяу жүріп өткен. Сондай-ақ, Алматыдан Ақтөбе қаласына велосипедпен 2200 шақырым жолды 24 күнде бағындырған.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.