Әскери қызметшілер «OIQAZAN» зияткерлік ойынына қатысты

Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің әскери қызметшілері «Білім. Бірлік. Болашақ» тақырыбында өткен OIQAZAN»зияткерлік ойынына қатысты.

 

Іс-шара «Turkistan Arena» стадионында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруыменжәнне облыс әкімдігінің қолдауымен өтті.

Ойынға облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметшілерінен басқа Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарымен Шымкент қаласының жоғарғы оқу орындары студенттерінің командалары, Түркістан облысының мемлекеттік, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың мамандары, кәсіпкерлер, журналистер мен блогерлер, сондай-ақбелсенділер қатысты.

Жалпы алғанда еліміздің жеті өңірінен 35 команда бақ сынасты.

Зияткерлік ойын жеті кезеңнен тұрды. Командалар әртүрлі санаттағы: Түркістан тарихы, өнер және көрнекті тұлғалар туралысұрақтарға жауап берді. Қатысушылар музыкалық шығармалар мен фильмдер туралы білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, ойынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлемдік тәжірибесіне қатысты тапсырмалар болды.

— Ойын қызықты әрі тартымды өтті, қатысушылар қарсыластарынан асып, өз білімдерін көрсетуге тырысты. Сонымен қатар, жарыс әзіл-қалжыңмен және көңілді көңіл-күймен сүйемелденді. Барлығы ойыннан және жақсы қарым – қатынастан жағымды эмоциялар алды, — деп бөлісті Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің «Қорғаныс қырандары» командасының капитаны майор Жандос Күлдербаев.

Жеңімпаздарға, белсенді қатысушылар мен жанкүйерлерге кубоктар, бағалы сыйлықтар табыс етіліп, соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.