Электр есептегіш құралын ұрлап кеткен азамат анықталды
2021 жылдың 20-маусымында Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз тұлға үй маңында орналасқан электр бағанасында тұрған құны 15 000 теңге тұратын электр есептегіш құрылғысын жасырын түрде ұрлап кеткенін көрсеткен.
Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.