Шымкенттік полицейлер «PS-4» және «Арсел» маркалы теледидарын тәуліктік жалға алып, қайтармай қойған азамат анықтады

2021 жылдың 22-маусымында Әл-фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, жергілікті тұрғын құны 120.000 теңге тұратын «PS-4» және құны 100.000 теңге тұратын қара түсті «Арсел» маркалы теледидарын тәуліктік жалға алып, заңсыз иемденіп кеткенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, Әл-фараби АПБ КПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға заттарын сеніп бермеуге кеңес береді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.