Құны 300.000 теңге тұратын сиыр иесіне қайтарылды

2021 жылдың 26-маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, құны 300.000 теңге тұратын екі жасар қара түсті, құлағында ені бар танасын және құны 40.000 теңге тұратын бұзауын белгісіз тұлғалар ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілердің ізіне түскен.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының ЖПҚБ УПП 39 УПИ қызметкерлерімен  ұрланған  мал табылып, иесіне қайтарылды.

Шымкент қаласының тұрғындарына Еңбекші ауданы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары мал иесіне барымташының құрбаны болмас үшін малдарын қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ таңба мен ен салуды және мал ұрлығы орын алса «102»  нөміріне хабарлауға кеңес береді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.