Ақсақалдар полицейлерге алғыстарын білдіріп, батасын берді
Учаскелік полиция инспекторының міндеті – қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу. Тәртіп сақшылары өзі қызмет ететін аумақта отбасылық-тұрмыстық, қоғамдық заңбұзушылықтарды болдырмауды мақсат етеді. Олар халықпен тығыз жұмыс жасайды. Бүгінде учаскелік полиция инспекторларға қоғамдық қауіпсіздікті қалыптасыратын кең ауқымды міндеттер жүктелген. Олар азаматтардың құқықтарын қорғау, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық қауіпсіздігі, қоғамдық қауіпсіздік, жол қауіпсіздігі, көші-қон, қоршаған ортаны қорғау, аумақтарды абаттандыру және басқа да мәселелерді шешуге қатысады.
Қаратау ауданы «Асар» шағынауданының ақсақалдары №57 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлерінің жұмысына оң баға беріп, алғыс хатпен марапаттады. «Учаскелік полиция — бұл құқық бұзушылықтың алдын алудың жалпы жүйесіндегі негізгі буын. Тек олар ғана тұрақты негізде халықпен жеке байланыста болады, ал кейбір ауылдарда учаскелік полиция қызметкері – құқық қорғау органдарының жалғыз өкілі. Бұл жерде ол заңдылық пен ауыл тұрғындарының тыныштығының кепілі болып табылады, оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз етеді», — дейді «Асар» шағынауданының аға буын өкілдері. Көпті көрген ақсақалдар қауымы тәртіп сақшыларынының жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.