«ЕЛ ТІРЕГІ – ЕЛБАСЫ»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАУСЫМ АЙЫНДА ЕКІ МЫҢ ОТБАСЫҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Пандемия жағдайында халықтың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басым міндеті болып табылады. Әлеуметтік қорғаудың белгілі бір деңгейіне кепілдік беру, әлеуметтік және еңбек белсенділігінің көрінісі, мемлекет пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру өзекті болуда.
Президент мемлекеттің, қоғам мен жеке тұлғаның күш-жігерін біріктіру әлеуметтік жауапкершілік пен әлеуметтік әріптестіктің жүйелі сипатын нығайтуға ықпал ететінін және стратегиялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыруда, Сovid-19 пандемиясы жағдайында өзекті міндеттер мен проблемаларды уақтылы шешуде үлкен рөл атқаратынын ерекше атап өтті.
Мемлекет басшысын қолдау мақсатында ағымдағы жылдың 17 наурызында «Халық» қайырымдылық қоры «Ел тірегі – Елбасы» акциясын іске қосты, оның шеңберінде құрамында мүгедек балалары бар аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтықтарын беру көзделген. Жиынтыққа ең қажеттісі: ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, күріш, шай және тәттілер – әр отбасы үшін 50 кг азық-түлік кірді.
Бұның алдында, наурыз айында «Халық» қайырымдылық қоры төтенше жағдай режимі мен карантиндік шаралар салдарынан қаржылық қиын жағдайға тап болған Түркістан облысының 2000-ы аз қамтылған және көп балалы отбасыларға азық-түлік жиынтығы берілді.
«Халық» қайырымдылық қорының екінші акциясы ағымдағы жылдың маусым айында ұйымдастырылды, әлеуметтік қорғау органдары Түркістан облысының атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 2000 отбасыға азық-түлік себеттерін таратты.
Осы ретте, еліміздің азаматтары мен бизнес-құрылымдарды шараға қосылуға және «Ел тірегі – Елбасы»ауқымды қайырымдылық акциясын қолдауға шақырамыз.
«Ел тірегі – Елбасы» акциясы біздің отандастарымыздың бірлігінің, қатысуы мен мейірімділігінің нағыз үлгісіне айналды. Акцияға бизнесмендер, компаниялар мен жанашыр қазақстандықтар көптеп қосылуда.
«Халық» қайырымдылық қорының бастамасын еліміздің еріктілер қозғалысы қолдады. Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған «Волонтер жылы» аясында олар азық-түлік жиынтығын атаулы жеткізуге көмектесті.