СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы   іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері,  ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Г.Дулатова және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар  қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізді.

Маңызды шарада қатысушылардың назары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларға және Агенттіктің іске асырылып жатқан жобаларына, заңнамалық жаңашылықтарға, аталған саладағы жемқорлық тәуекелдеріне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін басшылардың жеке жауапкершілігіне аударылды.

Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында негізгі басымдық алдын алуға бағытталғандығы айтылып, сыбайлас жемқорлықтың себептерін жоюдың тиімді құралы ретінде жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізу маңыздылығы жеткізілді.

Парасаттылық – адам бойындағы ізгі қасиет екенін алға тартқан ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі,  ұжымдағы адалдық, әділдікке көп көңіл бөлуге шақырды.

Шара қорытындысымен қатысушылар жемқорлықпен күресте бірлесе жұмыс жасауға шақырылды.

Айта кетейік, осы тұрғыдағы кездесулер Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудандары бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаларының қызметкерлерімен де өтті.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.