Қақпа орнатып беремін деп, ақшасын алаяқтықпен иемденген
2021 жылдың 10-шілдесінде Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, белгісіз азамат сыртқы ауласына қақпа жасап беремін деп, сеніміне кіріп 320.000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін көрсеткен. Қазіргі уақытқа дейін ол не ақшасын не қақпасын жасап бермей жүрген.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, жеткізді. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері алаяқтық жайты орын алмас үшін танымайтын бөгде адамдарға ақша бермеуге шақырады.