Еліміздің болашақ қорғаушылары Арыс қаласындағы әскери бөлімде болды

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының облыстық филиалының «Арыс» және «Барыс» әскери-патриоттық клубтарының басшылары мен тәрбиеленушілері үшін «Ашық есік күні» Арыс қаласындағы әскери бөлімде ұйымдастырылды.

 

Саптық алаңда балаларға қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінің көрмесі өткізілді. Әскери қызметшілер заманауи атыс қаруының мүмкіндіктері, әскери машиналар мен байланыс құралдарының техникалық сипаттамалары туралы айтып берді.

 

Әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілеріне әскери бөлімге экскурсия жасап, әскери даңқ мұражайы, спорт қалашығы, асхана, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер тұратын казармалармен танысты.

 

Бөлім командирі полковник Темірбек Ерімбетов Жас сарбаздарға арнаған сөзінде жас патриоттарға әрқашан алға қойған мақсаттарына қол жеткізуді, оқуда және спортта жеңіске жетуді, салауатты өмір салтын ұстануды, патриот және өз елінің беткеұстар азаматы болуды тіледі.

 

Оқушылар әскери қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, өздері шығарған өлеңдерімен әндерін орындап қуантты, сондай-ақ оларға өз қолдарымен жасалған естелік сыйлықтарын табыс етті.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.