Шымкенттік полицейлер пәтер ұрлығын бір сағаттың ішінде ашты

2021 жылдың 12-шілдесінде Әл-фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға үйіне заңсыз кіріп, өзіне тиесілі құны 30.000 теңге тұратын «BOSH» мультиварканы ұрлап кеткенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, Әл-фараби АПБ учаскелік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға заттарын бермеуге кеңес береді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.