Мемлекеттік қызмет туралы
Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік биліктің міндеттері мен қызметтерін іске асыруға багытталған мемлекеттік органдардағы лауазымдың өкілеттіктерін атқару жөніндегі қызметі. Мемлекеттікқызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкер:
- өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді карауға қатысуға және ол мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;
- қызметтік міндеттерін атқару үшін керекті ақпараттар мен материалдар алуға;
- мемлекеттік қызметіне катысты материалдармен кедергісіз танысуға;
- біліктілігі мен іскерлігін, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаратындығын ескере отырып, қызмет бабында жоғарылауға;
- еңбек, денсаулық, еңбектің қауіпсіздік шарттарын сақтауға; әлеуметтік және құқықтық жағынан қорғалуға;
- мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетуіне;
- зейнеттік және әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуге;
- жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар түсіруге құқықты.
Мемлекеттік қызметкерлер мыналарды орындауға:
- Республика Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
- Қазақстан Республикасының Президентібекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметкер антын беруге;
- азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін карауға;
- олар жөнінде кажетті шаралар қабылдауға;
- өзіне берілген құқық шегінде өкілеттігін жүзеге асыруға және қызметтік міндеттеріне сәйкес мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
- өзіне заңмен белгіленген шектеулер кабылдауға; қызмет әдептілігінің нормаларын сақтауға;
- басшыларының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазым иелерінің шешімдері мен нұскауларын орындауға;
- мемлекеттік құпияларды сақтауға;
- мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;
- кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.
Сонымен қатар заңда мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер де көзделген. Мемлекеттік қызметкердің өкілетті органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға; оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа ақы төленетін қызметпен, кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы жоқ.
Мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған не ойдағыдай орындамаған, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзған, сондай-ақ оның мемлекеттік қызметте болуымен байланысты белгіленген шектеулерді сақтамаған жағдайда мемлекеттік қызметкерлерге мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін:
- ескерту;
- сөгіс;
- қатаң сөгіс;
- қызметіне толық сәйкес еместігі жөніндегі ескерту;
- қызметтен шығару.
Мемлекеттік қызмет мемлекеттің аса маңызды құралы болып табылады. Оның жоғары дәрежеде ұйымдастырылуы, заңдылық тұрғыдан қамтамасыз етілуі және жоғары білікті мамандарменжабдықталғанболуыкерек.
Ақмарал Ерланқызы,
Арыс аудандық сотының жетекші маманы.