ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖҮРГІЗІЛГЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕСІНДЕ 496 МЛН.ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ ҮНЕМДЕЛДІ

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті Превенция басқармасының басшысы Ғабит Жүндібаев баспасөз жиынында мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау жұмыстары 6 мекеменің, соның ішінде Қоғамдық денсаулық басқармасы, Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті, Түркістан қалалық инфрақұрылым және коммуникация бөлімі, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мен Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаларында және Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қызметінде жүргізіліп, сыртқы талдау нәтижесімен 75 ұсыныс енгізілген.

Брифингте Ғабит Өмірәліұлы Департаменттің ұсынысы негізінде «Ардагерлер үйі» мекемесінің директорына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 425 бап 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынғандығын және жыл басынан бері жүргізілген жалпы талдау жұмыстарының нәтижесімен 2 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын баяндады.

Бұдан бөлек, «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласына жыл басынан бері жүргізілген мониторингтік жұмыстарға тоқталды.

Ол өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстары спортшылардың жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына қатысуы бойынша және жерге орналастыру жобасын дайындау салаларына қатысты жүргізілгенін мәлімдеп, ол бойынша Департаментпен 9 ұсыныстың енгізілгенін, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жыл басынан бері 496 539 141 теңге. үнемделгенін жеткізді.

Жиын соңында жыл басынан бері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 173-бабымен 2 хаттама, 681-бабымен 1 хаттама қысқартылған өндіріс тәртібімен толтырылып, 437 550 теңге өндірілгені баса атап өтілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.