Шымкент: Карантиндік талаптарды бұзған кафе анықталды

Абай ауданының полиция қызметкерлері әкімшілік аумақта карантин режимі талаптарының сақталуын бақылау бойынша мобильді топпен бірлесіп, күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізеді.

 

Кезекті рейд барысында тәртіп сақшылары Әл-Фараби көшесінде орналасқан кафе санитарлық талаптарды сақтамай, жұмыс істеп жатқанын анықтады. Нысан жұмысшылары келушілерге медициналық бетпердесіз қызмет корсеткен. Сондай-ақ, кафеде салтанатты іс-шара өтіп жатқаны анықталды.

 

Аталған жайт бойынша жинақталған құжаттар мекеме әкімшісіне ҚР ӘҚБтК-нің 425 -бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.