Шымкенттік полицейлер 150 адамдық тойды тоқтатты

Кезекті рейд барысында Еңбекші ауданының полицейлері Ш.Уалиханов көшесі бойында орналасқан тойхананың карантиндік талаптарды сақтамай, той өткізіп жатқанын анықтады. Аталған тойханада эпид ахуалға(қызыл аймақ) қарамай, 150 адамдық «Мерей той»  өткізгені белгілі болды. Сонымен қатар, мекеме жұмысшылары келген қонақтардың дене температурасын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, тойхана әкімшісі мен той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425 -бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Өз кезегінде, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.