Қазыбек Иса, Мәжіліс депутаты: Мәдениетіміз бен Тілімізді сақтап қала алмасақ, біз не үшін отырмыз бұл жерде?

Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру үшін ең алдымен өз болмысымызды жат болмыстан қорғай білуіміз керек! Бүгінгідей жаһандану дәуірінде жат болмыстан қорғануда Ақпараттық-рухани қауіпсіздіктің рөлі зор! Ал біздің телеарналардағы қаптаған өзге елдің телесериалдарының елге әсері үкіметтің бұйрықтары мен парламенттің заңдарынан да ықпалды болып кететінін ұмытпайық. Кейде теріс тәрбиеге, ұлтсыздыққа шетелдік ақпараттық экспансиямен бірге өзіміздің ұлттық ұғымнан жұрдай түрлі фильмдеріміздің де, жеңіл күлкіге құрылған сайқымазақтық шу мен шоулардың әсері аз емес. Ел телеарналарына тізесі жалтыраған жыртық шалбарлы әншілер шығып жатқанда, жалпы осы біздің идеологиямыздың өзі бүтін бе деп ойлауға тура келеді кейде…

Ұлттық идеологиямызды қолға алып, ұлттық болмысымызды ұлтшылдық негізде қалыптастырмасақ, көрген күніміз осы…

Рухани жаңғырудың негізі – Ұлттық мүддемізді қорғайтын Ұлттық болмысты қалыптастыратын ұлттың руханияты мен мәдениеті. Әдебиеті мен өнері! Білім мен ғылымы!

Биыл Тәуелсіздігіне 30 жыл толып жатқан елімізде, соғыс кезі емес, құдайға шүкір бейбіт кезеңде Мәдениетіміз бен Тілімізді сақтап қала алмасақ, біз не үшін отырмыз бұл жерде?

qazaquni.kz

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.