Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған асхана анықталды

Шымкентте карантин талаптарын сақтамаған асхана анықталды
Ағымдағы жылы 24-шілде сенбі күні кезекті рейд барысында, Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабы Сатыбалдиев көшесі бойында орналасқан қоғамдық тамақтану орны сағат 12:34-те келушілерді қабылдап, жұмыс істеп тұрған.
Айта кететін жайт тамақтану орнындағы қызметкерлер келушілердің дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медециналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.