Түркістан облысындағы полигонда нұсқаулық-әдістемелік сабақ өтті

«Дарбаза» полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілерімен роталық тактикалық топпен оқу-жаттығуды ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақ өткізілді.

 

Ол взвод пен рота командирлерінің бөлімшені басқарудағы практикалық дағдыларын жетілдіру, бөлімшелердің дербес жауынгерлік бірлік ретіндегі рөлін арттырумақсатын көздеді.

 

Полигонда сегіз оқу орны дайындалып,офицерлер мен сержанттарға роталық тактикалық оқу-жаттығуды өткізудің кезеңдеріндегі әр сарбаздың міндеттері туралы нұсқау берілді. Сонымен қатар, әскерилер жеке құраммен жұмыс істеу әдістері мен қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін зерттеді.

 

— Сабақ барысында біз өзара іс-қимылды ұйымдастыру, жеке құрамды, әскери техника мен қару-жарақты дайындау мәселелерін пысықтауға ерекше назар аудардық. Кіші буын командирлері жауынгерлік үкімді алған сәттен бастап іс – қимыл алгоритмін дұрыс түсініп, қарамағындағы әрбір сарбаздың рөлін білуі тиіс, — деп атап өтті әсери бөлім комндирі подполковник Нұркен Қарағұлов.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.