ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ 1600-ДЕН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістан облысында ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 1600-ден аса түрлі деңгейде іс-шара ұйымдастырылды. Басым көпшілігі пандемия жағдайына байланысты онлайн форматта өтті. Бұл Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев мәлімдеді.
«Түркістан облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін мерекелік іс-шаралар жоспары облыс әкімімен наурыз айында қайта бекітілді. Осыған байланысты қосымша 76 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның 7-еуі халықаралық, 6-уы республикалық және 63-і облыстық деңгейдегі мерекелік жиындар», – деді Д.Сариев.
Сондай-ақ, облыс орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көп функционалды «Керуен сарай» кешені, «Тұңғыш Президент саябағы», «Жібек жолы саябағы», «Фараб» кітапханасы, драма театр, тұрғын-үй кешендері және басқа да нысандар пайдалануға берілді. Одан бөлек, халықаралық деңгейде түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті, «Түркістанға 3000 жыл» атты дөңгелек үстел, «Түркістан медиа форум: инвестициялық және туристік мүмкіндіктері» және «Ұлы Жібек Жолы-Ұлы мұра» тақырыбында онлайн және офлайн форумдар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, мерейлі мерекеге орай Республикалық деңгейде «OIQAZAN» зияткерлік ойыны, «Түрленген, гүлденген – Түркістан» республикалық ақындар айтысы, «Жас талант» онлайн-байқауы өтті. Облыстық деңгейде «Тәуелсіздік қарлығаштары» атты шығармашылық байқауы, «Ұлы дала дастаны» атты жеке шығармашылық көрмесі, «Түркістан: көне мен келешек көпірі» атты өнер фестивалі, «Ұлттық мұра жаршысы» өнер фестивалі, «Мекенім – жасыл елім» акциясы ұйымдастырылды.
Өз кезегінде Қоғамдық даму басқармасы «Мемлекеттік идеологияны насихаттау және «Рухани жаңғыру» бөлімінің бас маманы Жеңіс Опышев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бастамасын іске асыру шеңберіндегі «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы ұйымдастырылып жатқанын сөз етті.
«Аталған жобаға облыстағы барлық мемлекеттік органдар, бизнес секторының өкілдері және волонтерлік ұйымдар атсалысып келеді. Мәселен, марафон аясында осы жылдың жартыжылдығында 300-ге жуық іс-шара өткен. 9 мыңға жуық азамат қайырымдылыққа бөленіп, материалдық және рухани көмекке ие болды», – деді Ж.Дәулетұлы.
Айта кетейік, облыста «Қайырымды істер марафоны» жобасы бойынша жыл басынан бері жалпы БАҚ көздерінен 534 материал жарық көрген. Оның ішінде 58-і баспа БАҚ, 96-і электронды БАҚ, 178-і ақпараттық сайттан, әлеуметтік желі (Facebook) 202 материал жарияланған.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.