ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНАН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА 1 ВАГОН ЖЕМ-ШӨП ЖІБЕРІЛДІ

Төлеби ауданының тұрғындары мен еріктілері Маңғыстау облысында қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға мал азығын жеткізуді жалғастыруда. Бүгін «Батысқа көмек» шарасы аясында Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Алғабас елді мекенінің азаматтары 1 вагон жем-шөпті батыс өңіріне жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл құрғақшылық тек батыс өңірлерінде ғана емес, Түркістан облысында да орын алды. Төлеби ауданының шаруалары да осы мәселеге тап болды. Дегенмен, бүгінгі таңда өңірдегі жағдай тұрақты. Бірқатар аудан қажетті жем-шөп мөлшерін 100% жинап үлгерді.
Айта кетейік, аудан жұртшылығы құрғақшылықтан мал қырылып, шарасыз жағдайға түскен Маңғыстау облысына жем-шөп жіберу шарасына өз еріктерімен үлестерін қосуда. Еріктілердің бастамасына облыс жұртшылығы қолдау көрсетуде.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.