Шымкенттік полицейлер автокөлік ұрлаған тұрғынды бір тәулікте ұстады

2021 жылдың 29-шілдесінде Әл-фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға Шымкент қаласында көше бойында тұрған «Мерседес-Бенз Е200» маркалы автокөлігін ұрлап кеткендігін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, Әл-фараби АПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға заттарын бермеуге кеңес береді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.