Шымкентте әскердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды
30 шілдеде Шымкент гарнизонының әскери прокуроры Телеу Бағланның төрағалығымен әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының Ведомствоаралық кеңесінің отырысы өткізіліп, онда 2020 жылы және 2021 жылдың өткен кезеңінде «Әскерде қылмысқа орын жоқ» Бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.
Кеңес отырысына әскери құқық қорғау органдарының басшылары, Шымкент және Арыс гарнизондарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің басшылары мен жауапты лауазымды тұлғалары қатысты.
Гарнизон әскери прокуроры өз сөзінде қатысушылардың назарын қылмыстың 24-тен 6-ға дейін 4 есеге, сонымен қатар оның ауыр түрлерінің 12 есеге төмендеуіне байланысты криминогендік жағдайдың оң динамиканы көрсетуіне, сондай-ақ құқықтық және әскери тәртіпті нығайту қажеттілігіне аударды.
Әкімшілік құқық бұзушылық саласындағы жағымсыз тенденциялардың 544-тен 909-ға дейін өсудеректеріне назар аударып, осы құқық бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауды,жұмысты жақсартуды, халықаралық оң тәжірибені қолданып, құқық бұзушылықтың алдын алудың жаңа әдістер мен тәсілдерін әзірлеуді нұсқады.
Кеңестің қатысушыларымен сондай-ақ 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енетін Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Заңының нормалары талқыланды.
Ведомствоаралық кеңестің нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.