Шымкентте полицейлер карантин режимінің сақталуын қатаң бақылауда
Қаратау ауданының тәртіп сақшылары Сырым батыр көшесінің бойында орналасқан кафенің карантин талаптарын бұзып, «Ашық» бағдарламасына тіркелмей, 21:10-ға дейін жұмыс жасап тұрғаны белгілі болды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысан жұмысшылары медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.