Шымкентте ретсіз сауда жүргізген азаматша анықталды

Шымкентте ретсіз сауда жүргізген азаматша анықталды
Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-ның қызметкерлері аудан аумағында заңсыз сауда жасаушыларға кезекті рейдтік іс-шараларды жүргізді. Рейд барысында «Сайрам» шағынауданы аумағындағы жол бойында белгіленбеген орында сауда-саттық жасап жатқан азаматша анықталды.
Ретсіз («жабайы») саудамен айналысып жатқан тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы (Белгiленбеген орындарда сауда жасау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік аумаққа жауапты учаскелік полиция инспекторлары заңсыз саудамен айналысып жүрген азаматтарға профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту жасады.
Айта кететін ақпарат, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетін болады.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.