Шымкенттік полицейлер велосипед ұрлаған азаматты ұстады

Қаратау ауданының Полиция басқармасына «102» арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға үйінің ауласында тұрған, құны 50.000 теңге тұрататын «TIMEX» маркалы велосипедін ұрлап кеткенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Шымкент ҚПД жедел басқару орталығының №15065 санды бейнекамерасы арқылы жергілікті азамат анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.                                                                                                 

Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.