ҚАБІЛЕТІМІЗГЕ ҚАРАЙ МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАЙЫҚ!

Мамандық таңдау өте үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.

Заман ағымына байланысты стандарттау және сертификаттау саласындағы мамандарға деген сұраныстар да жыл сайын көбеюде. Осы бағыттағы мамандарды даярлау М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  университетінің «Механика және мұнайгаз ісі» факультетіндегі «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасымен жүзеге асырылады.

2016 жылы жаңа оқу жылынан бастап ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес 5В073200–Стандарттау, сертификаттау және метерология мамандығы екіге бөлінді. Қазіргі таңда кафедрада 6В07510- «Стандарттау және сертификаттау(салалар бойынша)» және 6В07513 — «Метрология» мамандықтары бойынша бакалаврларды дайындаймыз, ал магистрлерді дайындау 7М07510 – «Стандарттау және сертификаттау(салалар бойынша)», 7М07513–«Метерология» маман-дығы бойынша жүзеге асырылады.

Білім беру бағдарламасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Колледж бітірушілеріне мемлекеттік білім гранттары бөлінуде. Кафедрада қысқартылған оқу түрімен оқитын топтар құрылған.

Стандарттау және сертификаттау мамандығы – нормалардың орындалуын бақылау және тарату, өнімдерге талаптар мен ережелерді, процестер және жүйелерді құруды, олардың өнімдері, өндірістері, қолдануларын және метрологиялық қамтамасыз етулерін, өнімдердің және қызмет көрсетулердің қауіпсіздіктерін, өндірушілер мен тұтынушылар үшін биік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған мамандық.

Метрология мамандығы – өлшемдер туралы, олардың бірлігін және өлшеудің жоғаргы дәлдігіне қол жеткізу құралдары жайлы, метрология саласындағы стандарттар көмегімен практика жүзінде берілген дәлдікпен нысандарды сандық көрсеткіштер арқылы анықтауға оқытатын мамандық.

Біздің мамандықты бітіруші түлектердің қызмет  жасау салалары:

  • экономиканың барлық сала­лары мен облыстарындағы өн­ді­рілетін және орындалатын тауар­лар мен қызмет көрсетулердің сапалық және мөлшерлік мінездемелерін оқу және зерттеу;
  • тауарлар мен бұйымдардың стандартты параметрлерін зерттеуге тағайындалған аппараттар және приборларды пайдалану және оларға қызмет жасау;
  • сертификатталатын бұйымдарға құжаттар дайындау және оларға сараптама жүргізу;
  • таңдаған мамандығы бойынша менеджерлік, эксперттік, консультациялық және оқытушылық қызмет жасау;
  • мұнай-газ, мұнай-химия, азық-түлік және ауылшаруашылық салаларының өнімдерін сертификаттау органдары мен қызметтері;
  • кең қолданым табатын және қызмет көрсетуші өнеркәсіптерді инспекциялау қызметтері және органдары;
  • импорттық тауарларды серти-фикаттау үшін кедендік қызмет;
  • сауда және тамақтану ұйымдарының қызметін инспекциялау және бақылау органдары.

Құрметті талапкерлер, сіздерді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің заманауи білікті маманы болуыңыз үшін 6В07510-«Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)», 6В07513-«Метрология» және магистратура мамандығы бойынша, 7М07510-«Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)», 7М07513-«Метрология» мамандықтарын таңдауға шақырамыз.

А.Тоқтабек,

А.Отуншиева,

М.Әуезов атындағы ОҚУ, «Стандарттау және сертификаттау»

кафедрасының магистр, аға оқытушылары.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.