Абаттандыру ережесін бұзған тұрғынға әкімшілік шара көрілді
Шымкенттік полицейлер «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы барысында қала аумағына рейд жүргізуде. Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары жергілікті азаматтың Амангелді көшесінің бойына құм үйінділерін төгіп тастағанын анықтаған.
Абаттандыру қағидаларын бұзған тұрғынға ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабына(Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.