Видеоқоңырау жандана түсуде

Ич 167/3 мекемесінде әдетте қалыптасқан заңнама бойынша әрбір сотталған азамат белгілі бір уақытта қысқа мерзімді кездесуге шыға алады. Яғни өз туысымен немесе жақын адамымен екі сағат бойы сұхбат құрып отыра алады. Өкінішке орай, бүкіл дүние жүзіне тараған коронавирус дерті қазақ елін айналып өткен жоқ. Ауру адамдардың жиналуына,тікелей контактқа шығуына шектеулер енгізуге алып келді.Қазіргі таңда Шымкент қаласында коранавирус пандемиясының ахуалы бойынша сары аймақта болғандықтан , ИЧ 167/3 мекемесінде эпидемиялық ахуалды бұзбау үшін ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер тоқтатылған. Қысқа мерзімді кездесудің орнына сотталған азаматтың туысы немесе танысы тікелей контактісіз 20 кг дейінгі көлемде сәлемдемесін бере алады. Және сол күні сотталған азаматпен 1 сағат уақыт видеобайланысқа шыға алады. Көптеген сотталған үшін видеобайланыстың әдеттегі (тет,а,тет)форматынан артықшылықтары көп. Біріншіден, қазір видеобайланыс ақаусыз жұмыс істейді, бұл үшін видеобайланыс залына камералары бар бірнеше компьютер орнатылған. Екіншіден, әдеттегі форматта сотталған азаматпен тек бір ғана адам жүздесе алса, видебайланыс арқылы бұл мәселеде шектеу жоқ. Белгіленген күні видеоқоңырау соғатын телефон жанында сотталған азаматты көргісі келетін адамдар жиналып отырса болғаны. Сотталған азаматтарда барлық отбасы мүшелерін түгел көріп сөйлесе алады. Жақын туыстарымен өзінің туып өскен жерін өз көзімен көре алады. Қазіргі таңда видеобайланыс залы толық қуатты жұмыс істеп сотталған азаматтарға толыққанды сапалы қызмет көрсетуде.

С.Аширбаев,
Шымкент қаласы, ИЧ-167/3 түзеу мекемесінің
СЕҰ бөлім бастығы әділет майоры.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.