«NUR OTAN»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕЛЕРІНЕ 8 АЙДА 11786 ӨТІНІШ ТҮСТІ
Түркістан өңірінде биыл депутат болып сайланған облыстық және аудандық мәслихаттардағы «Nur Otan» партиясы фракциясының өкілдері жұмыс жоспарына сай қабылдауларды тұрақты түрде өткізіп келеді. Сонымен бірге партияның ықпалымен жергілікті атқарушы органдардың басшылары да қоғаммен байланысты нығайта түсті.
«Nur Otan» партиясының Түркістан облысында орналасқан аймақтық және аумақтық филиалдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері 8 айда 11786 өтініш пен арыз-шағым түсті. Оның 6907-сі (59%) оң шешімін тауып, 4731-не (40%) заң аясында кеңестер берілген. Өтініштер мен арыз-шағымдардың 5974 немесе 50,8% әлеуметтік көмекке мұқтаждық бойынша түскен. 1885 өтініш тұрғын үй-коммуналдық мәселелерін, 1299 өтініш жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан шығару, еңбек ақы өндіру мәселесін қамтыған. Сонымен бірге 859 адам тұрғын үйге және жерге мұқтаждық бойынша шағымданған.
2021 жылы 8 айында айында қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 1944 қабылдау жүргізіліп, 5209 азаматтардың мәселесі қаралды. Оның ішінде: барлық деңгейдегі мәслихаттағы партия фракциясы депутаттары 1118 жеке қабылдау жүргізіп, 3004 азаматтың мәселелері қаралса, облыс, қала, аудан әкімдері және орынбасарлары 171 жеке қабылдау жүргізіп, 673 тұрғынның өтінішін тыңдаған. Ал жергілікті мемлекеттік органдары, департамент, басқарма басшылары 430 жеке қабылдау жүргізіп, 851 азаматтың талап-тілегін қараған. Партияның аймақтық, аумақтық төрағаларының бірінші орынбасарлары 61 қабылдау жүргізіп, 188 тұрғынға көмектесті. Сондай-ақ «Заңгерлік көмек» бағдарламасы аясында адвокаттар, заңгерлер, медиаторлар 111 қабылдау жүргізіп, 240 тұрғынның арыз-шағым, өтініштерін тыңдаған. Шалғай аудандарға көшпелі қоғамдық қабылдаулар 45 ұйымдастырылып, 210 тұрғынның өтініші тіркелді.
Бүгінде облыс көлемінде партияның 17 қоғамдық қабылдау бөлмесі қызмет етеді. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық және аудан, қалалардағы филиалдары жұртшылықтың талап-тілегі бойынша қабылдауларды жалғастырады.