Депутаттар халықпен бірге
«Nur Otan» партиясы Қаратау аудан филиалының азаматтарды қоғамдық қабылдау бөліміне Керім Тіленшін көшесінің бойындағы көпірдің ескіріп құлап жатқанын және тұрғындарға қолайсыздық тудырғанына байланысты қайта қалпына келтіріп беруі жөнінде тұрғындардан өтініш келіп түсті.
Мәселені қарай келе, ел іргесі қаланған күннен бастап 30 жылдық мерейтойдың өтілуіне орай бастау алған «30 игі іс» жобасын қолдау мақсатында бүгін Шымкент қаласының мәслихат депутаты, фракция мүшесі Сулайманов Лазиз Низамханович демеушілік танытып өз қаржысы есебінен Керім Тіленшін көшесінің бойындағы көпірді қайта қалпына келтіріп жатыр.
Сондай-ақ, Керім Тіленшін көшесінің шұңқырларына жөндеу жұмыстары да жүргізілетін болады. “Nur Otan” азаматтардың өтінішіне әрқашан ден қойып, мәселенің тез шешілуіне барын салады!
Елді мекен тұрғындары «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп, ауыл ақсақалдары өздерінің батасын берді.
Мәселе оң шешімін тапты.