ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫН БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін Түркістан қалалық мәслихатында «Әкімшілік аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутаттық өкілдік және этика ұйымдық – құқықтық қызметті қамтамасыз ету»» тұрақты комиссия отырысы болып өтті. Тұрақты комиссия отырысына Қала әкімінің орынбасары Жандос Қалмырзаұлы. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Омаров Әзімхан Әбілхайырұлы және де тиісті бөлім мамандары қатысты.
Күн тәртібіндегі «Тұрғын үй сертификатын беру тәртібі туралы мәселе бойынша: «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің басшысы Омаров Әзімхан Әбілхайырұлы сөз алып, ол өз сөзінде жыл басынан бері берілген тұрғын үйлер жайлы айта келіп, тұрғын үй сертификатын беру ережесімен таныстырып өтті.
Сонымен қатар қолданысқа берілген тұрғын үйлерде кездесіп жатқан газ мәселесін тұтыну барысында туындап жатқан мәселелер жайлы да айта келіп, оны жүргізген мердігер компаниялармен қайта келіссөздерді нақтылап, алдағы уақытта барлығы орынына келтірілетін болғандығын жеткізді. Жыл соңына дейін тұрғындарға берілетін тұрғын үй сандарының бөліну деңгейімен таныстырып, барлық уақытта тұрғындардың өтініші мен ұсынысы негізінде жұмыс жасауға дайын екендігін алға тартты.