Жолдаудың бағыттары түсіндірілді
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Шымкент гарнизонында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын түсіндіріп, насихаттау мақсатындаәскери қызметшілерімен кездесу өтті.
Жолдауда Мемлекет басшысы мемлекеттің қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен Әскери доктринасын қайта қарауды тапсырды. Қарулы Күштер сырттан төнетін қауіп-қатерлерге әрқашан әзір болуы керектігін тілге тиек етіп, сонымен қатар мемлекеттік аппаратта осыған қатысты іс-қимылдың пысықталған жоспары болуы керектігін айтты.
Бұндай жағдайда Қарулы Күштер әрдайым соңғы қолдану құралы болып табылады. Сондықтан сырттан төнетін қауіпті модельдеу кезінде қорғаныс саласы оқиғаларды дамытудың барынша жағымсыз нұсқаларының сценарийлерін пысықтайды.
Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде жаңа өңірлік және жаһандық сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлердің орын алуын ескеріп, ведомствоаралық тәсілді қолданудың өзектілігі жеткізілді.
- Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігі барлық мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасау арқылы, әскери қатерлердің өршуі және соғыс жағдайы енгізілген кезде, мемлекет қызметін жоспарлауды жүзеге асыратынын, қазіргі уақытта бірлескен әскери оқу-жаттығуларды өткізу жоспарланып отырғанын айтты. Жағдайдың кенеттен өзгеруіне қатысты мәселелер де пысықталады. Бұл ретте Ауғанстандағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қауіп-қатерлер де негізге алынады, — деп түсіндірді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Тілек Серікпаев.
Жаңа Әскери доктринада бюджеттің мүмкіндіктері мен отандық экономиканың әлеуетіне төнуі мүмкін қатерлер ескеріледі. Осыларға сүйеніп, жалпы мемлекеттік қорғаныс саясатының нақты саяси бағдарлары қалыптасады.