ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 013 313 АДАМ ПТР ТЕСТ ТАПСЫРҒАН
Түркістан облысында коронавирус індетіне қарсы екпе салдырғандар саны артып келеді. Егу көрсеткіштері бойынша Түркістан облысы елімізде көш бастап тұр. Соңғы мәліметтер бойынша, вакцинаның бірінші құрамын 851 мыңға жуық адам қабылдады. Ал екінші компоненін 654 мың адам салдырған. Бүгінде өңір тұрғындары ресейлік «Спутник V», отандық QazVac, Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың CoronaVac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қабылдай алады.
Бүгінде Түркістан өңірі «жасыл аймақта» тұр. Өткен тәулікте 25 азамат қатерлі COVID-19 індетінің құрығына ілікті. Тәуліктік өсім 0,18%. құрайды. Қазір инфекциялық стационарларда барлығы 1969 орын бар. Мұнда 500-ге жуық науқас ем қабылдап жатыр.
Жалпы пандемия белең алғалы коронавирус жұқтырғандар саны 13 883 адамға жетті. 7234 науқаста аурудың белгілері болмаған. Сондай-ақ, бүгінге дейін 1 013 313 адамнан ПТР сынамасы алынған. Соңғы тәулікте зертханаларда 2312 адам тексерілді.