ТҮРКІСТАНДА ДІНИ ЖӘНЕ ЭТНОС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Бүгінгі күні түбі бір түркі жұртының атақонысы — Түркістан жерінде түрлі этнос өкілдері қоныстанып, береке мен бірлікті арқау етіп ғұмыр кешуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрбір Қазақстан азаматының дұрыс таңдау жасауы — мемлекет саясаты үшін айрықша басымдыққа ие.

Осыған орай, бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен адалдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түрлі этнос және дін өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Алқалы жиынның негізгі мақсаты — жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Жемқорлық көріністеріне жол бермеуді, оның алдын алуды көздеген жиынға дін және түрлі этнос өкілдері, Департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі, Департамент және жергілікті атқарушы орган өкілдері мен жастар қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Штаб жетекшісі Ерұлан Тұңғышбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда әрі рухани-адамгершілік жағдайын қалыптастыруда дін өкілдерінің алатын орны ерекше екендігін атап өтіп, облыстағы барлық мешіттердегі жұма намаздарға келушілерге жемқорлыққа қарсы түсіндіру шараларын тұрақты негізде жүргізуді ұсынды.

Бұл ұсынысты жиынға қатысушы имамдар бірауыздан қолдап, адалдық қасиеті дәстүрлі дінімізде аса құнды мәнге ие екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, Департаменттің басқарма басшысы Ғабит Жүндібаев Агенттіктің жүргізіп отырған саясатынан хабардар болуы үшін Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жобаларға, Жолдау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістерге, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, бергендерге жауапкершілік қарастырылғанын жан-жақты түсіндіріп өтті.

Жиын барысында дін және түрлі этнос өкілдері бұл індетпен күресу тек мемлекеттік мекемелердің жұмысы емес, онымен бүкіл қоғам болып күресу қажеттігін, сондықтан еліміздің өркендеуі жолында игі амалдарды жасауға және жемқорлық індетімен белсене күресуге дайын екендіктерін жеткізді.

Дөңгелек үстел соңында жиынға қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар білдіріліп, сұрақтарға жауаптар берілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.